

Көптен күткен жазғы демалыс маусымы басталды. Бұл – таза ауада
серуендеп, табиғат аясында демалып, қызықты уақыт өткізетін кезең.
Демалыстарыңыз тек жағымды әсер мен қуаныш сыйлауы үшін табиғаттағы
қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қымбатты балалар, есте сақтаңдар:
От – ең үлкен қауіп көзі. Ересектерсіз от жақпаңдар, құрғақ шөпті
өртемеңдер. Орманда отпен ойнауға болмайды.
Табиғатты қорғаңдар. Ағаштардың бұтақтарын сындырмаңдар, қоқысты
қалдырмай өздеріңмен бірге алып кетіңдер және табиғаттағы жануарлар мен
құстарға қамқорлықпен қараңдар.
Бағдардан жаңылмаңдар.
Ата-аналарыңсыз орманның ішіне кірмеңдер, әрдайым көзге көрінетін
жерде және соқпақ жолдармен жүріңдер.
Сақ болыңдар. Бейтаныс саңырауқұлақтарды, жидектер мен өсімдіктерді
ұстамаңдар және жемеңдер – олар улы болуы мүмкін.
Кенелер мен жәндіктерден сақтаныңдар (арнайы қорғаныс құралдарын
қолданыңдар және жабық киім киіңдер).
Құрметті ата-аналар!
Төменде берілген табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері туралы
жадынамалармен балаларыңызбен бірге мұқият танысуларыңызды сұраймыз.
Балалардың бос уақытын бақылауда ұстаңыздар, оларды су айдындарының
маңында және орманды жерлерде қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік
ережелерін сақтаудағы жеке үлгіңіз – балаңызды қорғаудың ең тиімді жолы.
Жаз мезгілі баршаңызға жарқын әсер, қызықты демалыс және қауіпсіз күндер
сыйласын! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!
