

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Балалар аула клубы» КММ Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларға белсене қатысты.
Мереке аясында балалар аула клубтары тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникасында жасалған жарқын әрі ерекше қолөнер бұйымдарымен танысты. Әрбір жұмыс балалардың таланты мен қиялын, шығармашылық әлеуетін айқын көрсетті.
Балалар аула клубтарының педагогтері қатысушылар үшін фоамираннан, қағаздан және басқа да материалдардан бұйымдар жасау бойынша қызықты әрі танымдық шеберлік сағаттарын өткізді. Балалар мен ересектер шығармашылық үдеріске үлкен қызығушылықпен қатысып, өз қолдарымен әдемі бұйымдар мен кәдесыйлар жасады.
Қонақтардың ерекше назарын спорттық алаң аударды. Мұнда барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындар мен жарыстарда өздерінің ептілігі мен күшін, спорттық шеберліктерін көрсете алды. Атап айтқанда, асық ату, арқан тарту және таяқ тарту ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлайтын жағымды әсерлерге бөленді.
Мерекелік іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалар мен ересектерге жарқын әсер мен қуанышты көңіл күй сыйлады.
Барша балалар мен ата-аналарды 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр отбасына зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын күлкі, жаңа жетістіктер, бейбітшілік, мейірім және амандық тілейміз!





