

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық клубтары арасында I Республикалық «Жас Жауынгер» әскери-спорттық ойындары өтті. атынан қатысқан «Спорттық Жас Сарбаз» ВСК құрама командасы тартысты әрі шиеленісті додада ІІ орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша команда кубокпен, грамоталармен және медальдармен марапатталды. Бұл жоғары жетістік әскери-патриоттық клуб педагогтері К. Ш. Исергеповтің, А. М. Лукьяновтың, А. П. Шевченконың, К. С. Оспановтың және А. С. Балғабаевтың қажырлы, жүйелі әрі кәсіби еңбегінің нәтижесі болды.
Команда мен жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа табыстар, биік белестер және жарқын жеңістер тілейміз!



