

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-нің қосымша білім беру педагогтері ауқымды Qostanai Tech фестиваліне қатысты.
Фестиваль аясында балалар аула клубтары тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтарына киізден, сабаннан, ағаштан және өзге де материалдардан жасалған, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникасында орындалған бұйымдар ұсынылды. Көрме келушілердің үлкен қызығушылығын тудырып, жас тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуеті мен шеберлігінің жарқын көрінісіне айналды.
Сонымен қатар, балалар аула клубтарының педагогтері шеберлік сағаттарын өткізіп, көрме қонақтарына сәндік-қолданбалы шығармашылықтың негіздерімен танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар кәдесыйлар мен қолөнер бұйымдарын жасап көруге, сондай-ақ жаңа білім алып, жағымды әсерге бөленуге мүмкіндік алды.
Qostanai Tech фестиваліне қатысу педагогтер үшін тәрбиеленушілерінің жетістіктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және балалар шығармашылығы мен қолданбалы өнерді дамытуға қоғам назарын аударуға тамаша мүмкіндік болды.




