

Кеңес барысында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, клубтардағы білім беру үдерісіне жүргізілген мониторинг қорытындылары шығарылып, санитарлық нормалардың сақталуы, педагогтердің өзін-өзі дамытуы және ашық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды. Бұдан бөлек, іс-шараларды жоспарлау және өткізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша клубтардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.





