Өздеріңізге белгілі, тоғызқұмалақ – қазақ халқының әлемдік өркениетке, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін көрсететін жарқын мысалдардың бірі. Халықтың ұлы ойшылдары тоғызқұмалақ ойнап, оның дамуына үлес қосқан. Соның бір жарқын мысалы – тек ойнап қана қоймай, ұлттық ойынды дамыту мектебін қалыптастырған Абай Құнанбаев.
«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында 2023 жылдың 1 қарашасында балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Сайысқа 38 тәрбиеленуші қатысты. Жарыстың бірінші күні қатысушылар финалға шығу үшін бақ сынасты.
Финалда барлық ойындар өте қызықты өтті. Орындар келесідей анықталды: ұлдар арасында үшінші орынды «Буревестник» аула клубының тәрбиеленуші Кузембаев Бакнияз, екінші орынды «Алау» аула клубының тәрбиеленуші Серікбай Нұрсұлтан, бірінші орынды «Болашақ» клубының тәрбиеленуші Дуйсенгали Арлан иеленді. Қыздар арасында ІІІ орынды «Женискер» клубы, клуб тәрбиеленуші Дарья Жумагалиева, екінші орынды Ярмоленко Милана «Прометей» аула клубы және бірінші орынды Орал Назерке «Саяхат» балалар аула клубы иеленді.