2024 жылдың 5-6 қаңтарында Балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Сайысқа 47 тәрбиеленуші қатысты. Жарыстың бірінші күні қатысушылар финалға шығу үшін жарысты, оның ішінде: «Романтик», «Буревестник», «Ровесник», «Батыр» клубтарының тәрбиеленушілері.
Финалда орындар былайша бөлінді: қыздар арасында үшінші орынды «Буревестник» аула клубының тәрбиеленуші Аида Кубенова, екінші орынды «Ровесник» аула клубының тәрбиеленуші Зарина Кондрашева, ал бірінші орынды «Болашақ» аула клубының тәрбиеленуші Кискаякова Айлана иеленді. Ұлдар арасында «Батыр» үйірмесінің тәрбиеленуші Ислам Мамедов үшінші, «Романтик» клубының тәрбиеленуші Дүйсек Нурсултан екінші, «Буревестник» аула клубының тәрбиеленуші Ерканов Данияр бірінші орында болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!