
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Балалар аула клубы» КММ-де кадрлық өзгерістер орын алды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ бұйрығына сәйкес ұйым директоры лауазымына Дисюков Данияр Аскербекович тағайындалды.
Құрметті Данияр Аскербекович жаңа қызметімен құттықтап, кәсіби қызметіне табыс, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сәттілік, жемісті еңбек және алға қойған барлық мақсаттарына жетуіне тілектестік білдіреді. Алда жаңа жетістіктер, ұйымның дамуы және қала балалары мен жасөспірімдерінің игілігі жолындағы табысты бірлескен жұмыс болсын!
