

2026 жылғы 14–15 сәуір күндері Қостанай қаласында облыстың ең мықты командаларын жинаған облыстық жарыстардың финалы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, дене дайындығын нығайту, командалық рухты қалыптастыру және жасөспірімдердің салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру болды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «Балалар аула клубы» КММ құрама командасын «Жас Сарбаз»әскери-патриоттық клубы мен «Спорттық Жас Сарбаз» әскери-спорттық
клубының тәрбиеленушілері лайықты түрде таныстырды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілік пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша команда үш жүлделі орынға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті:
Гулицкая Виктория автоматты бөлшектеу және жинақтау бойынша 3-орын алды;
Кузнецова Ирина күштік гимнастикадан 3-орын иеленді;
Борисенко Алена «Күштік гимнастика» кезеңінде 1-орынды жеңіп алды.
Бұл жетістіктер – педагогтардың жүйелі еңбегі мен тәрбиеленушілердің табандылығының нәтижесі. Осындай жарыстарға қатысу жастардың тәртіп, төзімділік, патриотизм және өз күшіне сенімділік сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Қатысушылар мен олардың жетекшілерін жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!



