Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ қосымша білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық бағыттағы педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу саласындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының балаларына тиімді патриоттық тәрбие беру – Қазақстан Республикасының азаматтарына тиімді патриоттық тәрбие беру кеңістігі» әскери-патриоттық бағыты бойынша іс-тәжірибе алаңы өтті.
Тағылымдама барысында Қостанай облысының әр ауданынан келген қосымша білім беру педагогтарына Қостанай қаласындағы балалар аула клубтарының әскери-патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері туралы түсініктер берілді. Сондай-ақ семинар барысында әскери-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері мен балалар мен жасөспірімдермен тәрбие жұмысының заманауи тәсілдерін талқылап, әскери-патриоттық клуб педагтерының жұмысындағы тиімді тәрбиелік технологиялар ретінде коучинг және оқыту тәсілдерін қарастырдық.
Әскери-патриоттық клубтарымыздың тәрбиеленушілері қатысушыларға «Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу», «Әскери-қолданбалы спорт түрлері», «Азаматтық қорғаныс» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, әскери-спорттық клубтың «Бокс» секциясының тұсауы кесіліп, тәрбиеленушілердің жаттығу дайындығы және «Болашақ сарбаз» әскери-спорттық эстафетасы көрсетілді. Қонақтар үшін «Әскери топография элементтері бар) «Әскерилендірілген ойын» ұйымдастырылды.
Тағылымдама алаңының қатысушылары тек пайдалы тәжірибе ғана емес, әрі қарай кәсіби даму үшін шабыт алды деп үміттенеміз!