Абдигазин Еркебулан Храповикович
«Зерде» үйірмесінің жетекшісі
Ашық сабақ «Топтан озған тарлан бол!»
«Зерде» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Еркебұлан Әбдіғазин Храпавикұлы «Топтан озған тарлан бол!» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты:Тәрбиеленушілердің зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту. Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлғаны тәрбиелеу.
Логикалық тапсырмалар арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген сабақ моделін құрастырған.
-Іздену тапсырмаларын орындату;
-Тәрбиеленушіге белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
-Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, құрастырып көр, сиқырлы шірпілер атты тапсырмалар берілді.
-Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар Ой жұмбақтар (Ой жұмбақтар, логикалық есептер орындады. Ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында қызықты тапсырмалар ұсынылды.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде ашылды. Балалар өздерін белсенді ұстады, қойылған қызықты сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ой жұмбақтарды үлкен ынтамен шешті және, қызықты тапсырмаларға белсене атсалысты.