Тоғызқұмалақ ойыны қазақ халқының әлемдік өркениет пен әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің жарқын мысалы болып табылатыны белгілі. Халықтың ұлы ойшылдары тоғызқұмақ ойнап, оның дамуына өз үлестерін аса зор қосты. Жарқын мысалдардың бірі — ұлттық ойынды дамыту бойынша мектеп құрған ұлы ақын — Абай Құнанбаев.
2024 жылдың 29-30 қазаны аралығында балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 38 тәрбиеленуші қатысты. Жарыстың алғашқы күні қатысушылар финалға шықты.
Финалда барлық ойындар өте қызықты өтті. Ұл балалар арасында үшінші орынды «Прометей» аула клубының тәрбиеленушісі Владимир Сухов, екінші орынды Дүйсенғали Арлан, «Жастар» аула клубы және бірінші орынды «Алау» клубының тәрбиеленушісі Серікбай Нұрислам иеленді. Қыздардың арасында үшінші орынды Гагарина Мария «Прометей» балалар аула клубының тәрбиеленушісі , екінші орынды Кискаякова Айлана «Батыр» аула клубының тәрбиеленушісі және бірінші орынды Елисеева Диана «Арман» балалар аула клубының тәрбиеленушісі иеленді.