Халықаралық әйелдер күнін адамзаттың әдемі жартысы жыл сайын 8 наурызда атап өтеді. Бұл көктемнің алғашқы мерекесі – гүлдер, мойындаулар және құттықтаулар күні. Ерлер үшін бұл сүйікті әйелдерін қуантудың, оларды қамқорлықпен қоршаудың тамаша мүмкіндігі. Өйткені, сүйікті гүлдеріңізді алып, жылы, шынайы сүйіспеншілік пен ризашылық сөздерін естуден артық жағымды ештеңе жоқ. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де осы тамаша күнге арналған ойын-сауық, спорттық, концерттік бағдарламалар мен танымдық іс-шаралар өтті.