Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
— сәндік — қолданбалы өнер және сәндік — қолданбалы өнер және эстетика бойынша қосымша білім беру педагогы (27 сағат);
— қосымша білім беру педагогы (футбол (ставка));
— әдістемелік кабинет меңгерушісі (22.04.2023 ж. дейін бала күтімі демалысы кезеңіне);
— педагог — хореограф (18 сағат)
Мекен — жайы: Қостанай қ., Гашек көш., 12/1
Электрондық пошта мекенжайы: dvorny@kst-goo.kz
Телефон: 26-76-75
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 ж. 17. 02. бастап 2023 ж. 25. 02. дейін
Құжаттарды қабылдау уақыты: 12:00 – 20:00
Әңгімелесу уақыты: 28.02.2023 ж.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат хабарландыруда көрсетілген мерзімде құжаттарды электронды түрде электрондық пошта мекенжайына жібереді немесе қағаз жеткізгіште береді.
❗❗❗❗❗❗❗
Қажетті құжаттар тізімі:
- Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Педагогтың білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- СУЗ және ЖОО 2022 жылғы түлектерде Ұлттық біліктілік тестін тапсыру нәтижелері туралы сертификат болуы керек;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № МЗ ҚР-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Психо — неврологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі — ҰБТ) немесе педагог — модератор, педагог — сарапшы, педагог — зерттеуші, педагог — магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
- Портфолио;
- Түйіндеме.