2021 жылы 22 қазанда балалар аула клубтарының спорт жөніндегі нұсқаушыларының жетекшілігімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ жас тәрбиеленушілері «Футбол триатлоны» қашықтықтағы ойынға қатысты. Спорттық шара балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі тануына жағдай жасау, жақсы демалуға жасау, балалардың онлайн-спорттық шараларға қатысуға деген ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Жарыстар көңілді, позитивті, нағыз спортшылар рухымен өтті. Шараға жиырма бір балалар аулалық клубтарынан барлығы 117 бала қатысты.
Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын «Саяхат» балалар аула клубы
Испулов Алишер, Нуржанов Амир
2 орын «Ровесник» балалар аула клубы
Васянин Владислав, Зимовец Данил
3 -орын «Метеорит» балалар аула клубы
Жаканов Нуржан, Баймуханов Алдияр
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!