2021 жылы 4 тамызда экологиялық іс-шаралар кезінде балалар аула клубтың тәрбиеленушілерінің өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау мақсатында, тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін насихаттау мақсатында «Қызыл кітап арқылы саяхат» атты танымдық шара қашықтан форматта өткізілді. Қашықтықтан саяхаттаудың басты міндеті табиғи ресурстарға деген жауапкершілік пен ұқыптылықты, ғаламшардың болашағы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болды.
Педагогтар қызықты тапсырмалар, бейнематериалдар арқылы Қызыл кітаптың жойылып бара жатқан жануарлардың, құстардың, өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін құтқарудағы маңыздылығын көрсетті.
Балалар қоршаған ортаға адам қызметінің жағымды және жағымсыз әсері туралы өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды.