Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні – маңызды, салтанатты мереке. Бұл құрмет пен батылдықтың, ерлік пен әскери парызға адалдықтың мерекесі.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы 6 мамырда патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, мерекенің тарихымен таныстыруды, насихаттауды қалыптастыру мақсатында балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында салауатты өмір салты, ҚР-ның Отан қорғаушылар күніне арналған «Көңілді старттар» спорттық іс-шарасы өткізілді.
Спорттық шара басталар алдында барлық командалар құрамға кірді. Іс-шараны балалар аула клубының директоры Василькевич Зинаида Ивановна ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Содан кейін «Саяхат» балалар аула клубының спорт нұсқаушысы Ефименко Василий Анатольевичтің қатаң басшылығымен барлық бұлшықет топтарына қыздыру өтті. Командаларға ойын-сауық, кейде өте қиын, жүгірумен, доппен, құрсаумен жарыстар ұсынылып, олар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете алды. Бағдарлама үш кезеңнен тұрды: спорттық эстафета, «Капитандар сайысы» және арқан тарту
Оқушылар берілген тапсырмаларды сәтті орындады. Іс-шара қорытындысы бойынша үшінші орынды командасы«Патриот», екінші орынды «Тигры» командасы иеленді және бірінші сыйлық «Дружба» Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.