Қазақстан – көпұлтты мемлекет, онда 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұрады. Осы халықтарды біріктіру үшін ел үкіметі түрлі іс-шаралар өткізеді, оның бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу. Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу құрметіне «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ «Менің көп ұлтты Отаным!» челленджін өткізді. Челленджге Қостанай қаласындағы жиырма бір балалар аула клубының тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шараның мақсаты – балалар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру, әртүрлі этникалық құрылым өкілдеріне құрметпен қарау, сондай-ақ адамгершілік-патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу.