2022 жылдың 27 шілдесінде Қостанай қаласындағы жиырма бір балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында стритболдан жарыс өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуына жағдай жасау, балалардың спорттық іс-шараларға қатысу ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық пен азаматтыққа тәрбиелеу.
Балалардың жетістіктері мен педагогтардың үздіксіз жұмысы тамаша нәтиже көрсетті. Балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері спорт секцияларына үнемі қатысыппедагогтардың жетекшілігімен жаттығады.
Сайыс соңында қорытынды шығарылды:
1 орын – «Бригантина» балалар аула клубының командасы
2 орын – «Батыр» балалар аула клубының командасы
3 орын – «Прометей» балалар аула клубының командасы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!