28.01.2023ж. «Прометей» аула клубында «Ата Мұра» үйірмесінің жетекшісі Купобаева А.К. «Салт – дәстүр – тәрбие көзі!» атты шебер-сыныбын ұйымдастырып, әріпестер арасында өткізді. Сценарий бойынша іс-шара келесі аялдамалар арқылы өтті:»Сәлем – сөздің анасы“, « Бесікке бөлеу (салу)» дәстүрі, «Тұсау кесу» дәстүрі, ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдар. Шебер-сынып барысында қазақ халқының қонақжайлылығы ерекше орын алды. Жиналған педагогтар «Қазағымның дәстүрлері» атты- халық әнін орындап, бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлады.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық туралы сұхбат жүргізіліп, қызықты ұлттық көрмеге назар аударып, танымдық ақпараттарға ие болдық. Жалпы, Айнаш Кужубаевна, біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды тәрбиелей білгеніне нақты жеткізе білді. Практикалық кезеңде қағаздан шашу қорабын /бонбоньерки/, ою-өрнектер жасап «5Асық» ұлттық ойынымен жалғасты. «Ұлттық тағамдар» аялдамасында “Шәй -брейк» кезеңі қорытынды мәресіне жетіп, Еркебулан Храпавикұлы өз батасын берді.