2023 жылдың 12 мамыры мен 14 мамыры аралығында Астана қаласында 2008-2015 жылы туған спортшылар арасында бокстан ашық турнир өтті. Турнирге Қарағанды, Павлодар, Жаңаөзен, Ақтау қалаларының командалары қатысты.
Біздің қала – Қостанай қаласының атынан «Спорттық жас сарбаз» спорттық-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Жігіттер турнирде бар шеберліктерін, ең бастысы жеңіске деген шынайы жігерін көрсетті.
Турнир нәтижесінде біздің тәрбиеленушілер 9 алтын, 6 күміс және бір қола медальді өз қоржынына салды.
Жігіттерді лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы спорттық жетістіктеріне сәттілік тілейміз!