Астананы құрметтеу күні Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке болып табылады. Астана тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы мәртебесіне ие болды. Оның қарқынды өсуі еліміздің табысты дамуының символына айналды.
Биыл елордамыздың 25 жылдығын атап өтуде. Астанадада ғана емес, еліміздің барлық қалаларында салтанатты шаралар өтуде.
Қазақстандықтар өз астанасын – дала кеңістігіндегі тамаша оазисті мақтан тұтады.
2023 жылғы 5 шілдеде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстан халықтарының тарихи өткеніне мақтаныш, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отаны мен Астанада деген құрмет, «Армысың, Ақордам, Аяулы Астанам!» атты қызықты іс-шара.
Астанамыздың туған күнінде көптеген жылы лебіздер айтылды. Қостанай қаласының балалар аула клубтарының 80-нен астам тәрбиеленушілері өздерінің таланттарымен және шығармашылық көзқарастарымен таң қалдырды. Бағдарламаға қатысушылар домбырамен музыкалық шығармалар орындап, тақырыптық әндер шырқады, өзіндік би нөмірлері сахналанды, прозада өлеңдер оқылып, тілектер айтылды.
Шара соңында оқушылар би флешмобын дайындап, мемлекетіміздің ынтымағы мен тұтастығын паш етті. Астанамыз гүлдене берсін!