
Тоғызқұмалақ — біздің халқымыздың баға жетпес мұрасы болып табылатын ойын, логикалық ойлауды нығайтады, онда патриотизмді, адамгершілік пен шыдамдылықты тәрбиелейді. Каникул кезінде толыққанды демалуға жағдай жасау мақсатында 2025 жылғы 29-30 қазанда балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 40-тан астам тәрбиеленуші қатысты. Жарыстың алғашқы күні қатысушылар финалға шығуға таласты.
Финалда барлық ойындар өте қызықты өтті. Жасөспірімдер арасында «Буревестник» клубының тәрбиеленушісі Күзенбаев Бекнияз, қыздар арасында «Алау» клубының тәрбиеленушісі Қоныспай Жансая үздік атанды




