Тәрбиеленушілердің жан — жақты дамуына жәрдемдесу, балалардың денсаулығын нығайту, олардың бойында күш, ептілік, дәлдік, логикалық ойлау, төзімділік, ұжымшылдықты қалыптастыру мақсатында «балалар аула клубы» КММ — де жыл сайынғы «Болашақ Сарбаз» әскери — спорттық ойыны өткізілді. Оған 80 тәрбиеленуші мен 38 педагог қатысты. Ойын қала маңындағы орман алқабында өтті. Қостанай және 7 бөлек кезеңнен тұрды: «Мина — жарылыс тосқауылын минадан тазарту», «Күш жаттығулары», «Тактикалық міндет» (магниттік азимут бойынша қозғалыс және әскери тақырыптағы кроссвордты шешу), «Дартс», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «10х10 Шаттл жүгіру», әскери — спорттық эстафета. Ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және кубоктармен марапатталды.