

Ұлттық дәстүрлерді насихаттау және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Ата-баба ойындары: таяқ тарту – денсаулық пен достыққа бастар жол» тақырыбында қазақтың ұлттық ойындары бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «Балалар аула клубы» КММ қосымша білім беру педагогтері және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Шеберлік сағатының мақсаты – ұлттық ойындарды сақтау және дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ этнопедагогика элементтерін білім беру үдерісіне енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Іс-шара барысында қатысушылар «Таяқ тарту» ойынының шығу тарихымен, тәрбиелік және сауықтыру маңызымен танысты. Ойынның орындалу техникасына, қауіпсіздік ережелеріне, сабақ және сыныптан тыс іс-шаралар барысында ұйымдастыру әдістемесіне ерекше назар аударылды. Педагогтер тәжірибе жүзінде ойынның негізгі тәсілдерін меңгеріп, әртүрлі жас ерекшеліктеріне бейімдеу жолдарын талқылады.
«Таяқ тарту» ойыны күш-қуатты, төзімділікті, қимыл үйлесімділігін дамытады, командалық рухты, өзара құрмет пен достықты қалыптастырады. Осындай ұлттық ойындар арқылы ерік-жігер, тәртіптілік және халықтың мәдени мұрасына деген құрмет тәрбиеленеді.
Шеберлік сағаты белсенді өзара іс-қимыл, кәсіби тәжірибе алмасу және қатысушылардың жоғары қызығушылығы жағдайында өтті. Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын, азаматтық-патриоттық тәрбиені тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

