

«Сен қандай оқиға қатысушысысың?»
«Романтик» балалар аула клубында «Сен қандай оқиға қатысушысысың?» атты қызықты қашықтықтан тестілеу өтті.
Балалар қысқа, бірақ қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің «оқиғадағы мінез-құлығын» анықтауға мүмкіндік алды. Әрбір бала тарихта кім болатынын білді.

«Мультфильмді немесе кейіпкерді тап»
«Романтик» аула клубында «Мультфильмді немесе кейіпкерді тап» атты қашықтан ойын өтті. Балалар онлайн қатысып, танымал мультфильмдердегі кейіпкерлер мен көріністерді кім жылдам әрі дәл табатыны бойынша сайысты.

«Біреуін таңда»
«Романтик» аула клубында қашықтан «Біреуін таңда» атты шағын ойын өтті. Ойын барысында қатысушылар қызықты әрі әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, ұсынылған нұсқалардың бірін таңдады. Ойын достық және жағымды атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жаңа әсер сыйлады.

Шахмат ойнаймыз!?
Шахмат – ой өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін дамытатын ерекше ойын. Тәрбиеленушілер шахмат ойнау арқылы сабырлыққа, дұрыс шешім қабылдауға және әр қадамын алдын ала жоспарлауға үйренеді. Сонымен қатар, бұл ойын зейінді арттырып, есте сақтау қабілетін күшейтеді. Қарсыласты құрметтеу, жеңіске мастанбау, жеңілісті қабылдай білу сияқты тұлғалық қасиеттер де шахмат арқылы қалыптасады.
Шахматпен айналысатын тәрбиеленушілер мектепте белсендірек болып, тапсырмаларды тез түсінеді және жауапкершілігі жоғары болып өседі.

“Таңғы жаттығудағы көңілді би”
Қостанай қаласы білім бөлімінің «Балалар аула клубы» КММ «Болашақ» үйірмесінің спорт инструкторы Сункаров О.Д. “Таңғы жаттығудағы көңілді би” тақырыбында қашықтықтан жаттығулар өткізді.
Қашықтықтан оқып жүрген тәриеленушілер бүгінгі таңғы жаттығуды ерекше көңіл күймен бастады. Тәрбиеленушілердің жүзіндегі қуаныш, бір-біріне деген қолдау мен сергектік сабақтың басталуына жақсы әсер берді. Мұндай көңілді жаттығулар олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, күнін жағымды эмоциямен бастауға көмектесті.

«Жаңа жылдық қар қиыршықтары»
«Романтик» балалар аула клубында Пюрко Т.А. жүргізген «Жаңа жылдық қар қиыршықтары» тақырыбындағы қашықтан мастер-класс өтті.
Балалар қағазды бүктеп, педагогтың сызбасын қайталап, әсем оймышталған қар қиыршықтарын қиып жасады. Мастер-класс соңында әр қатысушы өз жасаған қар қиыршығын суретке түсіріп, жалпы чатқа бөлісті. Сабақтың атмосферасы жылы, шығармашылыққа толы және нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.


«Мультфильмді болжай»
«Арман» балалар аула клубында «Мультфильмді болжай» онлайн викторинасы өтті
Мақсаты: тәрбиеленушілерде қызықты ойын арқылы мультфильмдерге қызығушылықты қалыптастыру.
Міндеттер: мультфильмдер әлемі туралы білімді кеңейту, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту.
Викторина бос уақытты белсенді өткізуге және сүйікті мультфильмдер туралы білімді нығайтуға көмектеседі.

«Салауатты өмір салты»
Қостанай облыстық білім басқармасының «Балалар аула клубы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының құрамына кіреді. Бүгін балалар аула клубының балалары «Салауатты өмір салты» бойынша онлайн викторинаға қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының мақсаты – салауатты өмір салтына сұранысты қалыптастыру, оны саналы құндылыққа айналдыру. Міндеттерге салауатты өмір салтын насихаттау, оны нығайту бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, зиянды әдеттерден хабардар ету, белсенді өмір салтын қалыптастыру кіреді.

Өмір мен денсаулықты сақтау мақсатында, төмен температура, қар жауу, боран және тайғақшылық сипаттайтын қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау ажеттігін ескертеміз. Қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыздар
Қысқы кезеңде абай болыңыздар!



