

«Жеңіскер» клубының тәрбиеленушілері «Балалар аула клубы өмірінің бір күні» атты видео-челлендж байқауына қатысты.
Балалар тапсырмаға шығармашылықпен қарап, өздерінің клубтағы қызықты сәттерін: ойындарды, шығармашылықты, қарым-қатынас пен белсенді демалысты көрсете білді.
Бейнебаян кадрлары өте жанды шықты, өйткені оған әр баланың жүрек жылуы, күлкісі мен шынайы сезімдері ұялаған. Біз «Жеңіскер» тек қызығушылықтар бойынша құрылған үйірме емес, бұл күн сайын берік достық қалыптасатын, таланттар ашылатын және балалық шақтың ең тамаша естеліктері өрілетін мекен екенін көрсеткіміз келді!