«Егер қиын болса — жай ғана қоңырау шал!»
облыстық бейнероликтер конкурсының
( «Егер қиын болса – жай ғана қоңырау шалыңыз!» облыстық ақпараттық — түсіндіру акциясын өткізу шеңберінде)
«Қиын болса – жай ғана қоңырау шал!» атты облыстық ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында психологиялық қолдаудың маңыздылығына және уақытылы көмекке жүгінудің қажеттілігіне назар аудару мақсатында бейнероликтер байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылар өз шығармашылық жұмыстарында қиындықтармен жалғыз қалмаудың, жақын адамдардан, мамандардан және көмек көрсету қызметтерінен қолдау сұраудың маңызын көрсетті. Бейнероликтерде эмоциялық күйзеліс, стресс, қарым-қатынастағы мәселелер сияқты өзекті тақырыптар қозғалып, қарапайым, бірақ маңызды ой жеткізілді — кез келген жағдайдан шығу жолы бар, кейде ол бір ғана қоңыраудан басталады.
Байқау жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін алаңға айналып, қатысушылардың креативтілігін, бейжай қарамайтындығын және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге жол ашты. Жұмыстар шынайылығымен, мазмұн тереңдігімен және өзектілігімен ерекшеленіп, ашық диалог пен өзара қолдаудың маңыздылығын айқындады.
Байқауды өткізу қолжетімді көмек ресурстары туралы ақпараттандыру деңгейін арттырып, барлық қатысушылар мен көрермендерге қиын жағдайда өз-өзіне тұйықталмай, көмекке бір қадам жасап — жай ғана қоңырау шалу керектігін еске салды.
«Бұл әлем қандай керемет!» бейнероликтер конкурс
Кәмелетке толмағандар арасында тәрбиелік және профилактикалық жұмыстар аясында «Қандай керемет бұл әлем!» атты бейнероликтер байқауы өткізілді. Аталған байқау жасөспірімдерде өмірге деген жағымды көзқарас пен өмірлік құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталды.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың тұрақты өмірлік бағдарларын дамытуға ықпал ету, күйзеліске төзімділігі мен өміршеңдігін арттыру, сондай-ақ жағымды өзіндік сана мен адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру болды. Қатысушылар өз бейнероликтерінде қоршаған ортаның сұлулығын, өмірдің құндылығын, ізгі қарым-қатынастардың маңыздылығын және ішкі үйлесімділікті көрсетуге тырысты.
Байқау аясында жасөспірімдердің өнімді ойлау дағдыларын, талдау және өмірлік жағдайларды түсіну қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Жұмыстар тұлғаның эмоциялық-сезімдік саласын қалыптастыруға, өзіне және айналасына деген құндылықтық қатынасты дамытуға, сондай-ақ басқа адамдарға құрметпен қарауды нығайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, байқау конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға тиімді алаңға айналды: командада жұмыс істей білу, жанжал жағдайларында шешім табу, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру. Іс-шараға қатысу жасөспірімдердің әлеуметтік және тұлғалық тұрғыдан маңызды қызметке қатысуына мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және өз әлемге деген көзқарасын білдіруге жағдай жасады.
«Қандай керемет бұл әлем!» байқауын өткізу жасөспірімдердің тұлғалық үйлесімді дамуына жағдай жасап, олардың ішкі ресурстарын нығайтуға және өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
