2024 жылдың 10 — 11 шілдесінде «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарысқа Қостанай қаласындағы балалар аула клубтарынан 18 команда қатысты. Жарыстың бірінші күні қатысушылар финалға шығу үшін күресіп, оған «Жастар», «Жас канат», «Радуга», «Женискер» командалары шықты.
«Футбол тартысы» нәтижесінде бірінші орынды «Жас канат» командасы, екінші орынды «Женискер», үшінші орынды «Жастар» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталды.