Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
спорт жөніндегі нұсқаушы (декреттік демалыс кезінде — 1 ставка);
спорт жөніндегі нұсқаушы (декреттік демалыс кезінде — 1 ставка);
қосымша білім беру педагог (футбол, ставка);
хореграф (18 сағат)
Мекен – жайы: Қостанай қ., Гашек к-сі, 12/1
Электронды адрес: dvorny@kst-goo.kz
Телефоны: 26-76-75
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 13.07.2023-22.07.2023
Құжаттарды тапсыру уақыты: 12:00 – 20:00
Әңгімелесу өткізу мерзімі: 27.07.2023
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды электрондық түрде электрондық мекен – жайға жібереді немесе оларды хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде баспа түрінде ұсынады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Педагогтардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- 2022 жылғы ОБМ және ЖОО түлектеріне міндетті түрде Ұлттық біліктілік тестілеуінен өту нәтижелері туралы сертификат;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
- Портфолио;
- Түйіндеме.