

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ тәрбиеленушілері мен педагогтары «Қағазды тапсыр — ағашты сақтай» макулатурасын жинау бойынша экологиялық акцияға қатысты. Акцияға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарап, қағаз жинауға және сұрыптауға белсене атсалысты. Осындай іс-шараларды өткізу балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды дамытуға және қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. «Балалар аула клубы» КММ табиғатты сақтауға және экологиялық сауатты өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бастамаларды қолдап, іске асыруды жалғастырады.




