Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақтар балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамытуға бағытталған балалар аула клубтарының қызметімен танысты.
Мұндай кездесулер жастар ұйымдары мен қосымша білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ балалардың әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсенді араласуы үшін жағдай жасайды.