«Тәуелсіздіктің рәміздері!» атауымен концерттік бағдарлама Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ арасында Қазақстан халқының болашақ жарқыны және қазіргі, өткен тарихи жетістіктерімен, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Іс-шара ҚР әнұраны орындалуымен басталды. «Тәуелсіздік жолы» слайд-презентация көрсетілуімен іс-шара жалғасын тапты. Клуб тәрбиеленушілерімен педагогтар жоғары деңгейде өз қырларын көрсете білді. Қазақстан халқының билері,өлең-тақпақтары патриоттық сезіммен шыңдала орындалды. Өз халқына деген мақтаныш және өз Отанына деген сүйіспеншілік айқын көрініп тұрды. Іс-шараның соңында Қазақстан мемлекетінің тарихи дәуірі негізінде қамтылған кітап көрсетілімі өз жалғасын тапты.