Стритбол — 1950 жылдары АҚШ-та кедей қалалық аудандарда пайда болған баскетбол түрі. Ол әдеттегі баскетболдан ойыншылардың санымен ерекшеленеді — олардың 3- і, ал ойын аймағы-баскетбол алаңының жартысы, бір сақинасы бар.
2023 жылғы 15 -16 тамызда салауатты өмір салтын насихаттау, жазғы демалыс кезінде мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру мақсатында балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында стритболдан жарыстар өтті.
Жарысқа Қостанай қаласының балалар аула клубтарының 18 командасы қатысты. Тәрбиеленушілердің жалпы қамтылуы 90 адамды құрады. Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Жас сарбаз», «Достық», «Прометей»командалары өткен финалға шығу үшін күресті.
Нәтижесінде бірінші орынды «Жас сарбаз» командасы, екінші орынды «Прометей», үшінші орынды «Достық»иеленді. Жеңімпаз командалар грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.