Міне, «Спорттық жас сарбаз» балалар аула клубындағы «Бокс» секциясында қызықты әрі кәсіби дайындық осылай өтеді. Бокс тәрбиеленушілердің физикалық дамуына ықпал етеді, үйлестіру мен ептілікті жақсартуға көмектеседі, балалардың бойына қажетті моральдық және ерікті қасиеттерді сіңіреді, алғырлыққа тәрбиелейді.
Тәжірибелі жаттықтырушы Оспанов Койман Сактагановичтың жетекшілігімен балалар аула клубында бокспен айналыса отырып, жаттығуларды жібермей, балалар аз ғана уақыт ішінде бокстың қыр-сырымен танысып, келешекте бокстың әдіс-тәсілдерін біртіндеп кәсіби түрде меңгере алады. Жаттығуға күш салып, осы спорт түріне қызығушылық танытқан бала рингтегі өзінің үлкенді-кішілі жеңістеріне, табысқа ұмтылады.