Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Мекен – жайы: Қостанай қ., Гашек к-сі, 12/1
Электронды адрес: dvorny@kst-goo.kz
Телефоны: 26-76-75
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 19.06. бастап — 26.06.2024 дейін
Құжаттарды тапсыру уақыты: 12:00 – 20:00
Әңгімелесу өткізу мерзімі: 2024 ж. 27.06.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды электрондық түрде электрондық мекен – жайға жібереді немесе оларды хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде баспа түрінде ұсынады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) педагогтардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) 2022 жылғы ОБМ және ЖОО түлектеріне міндетті түрде Ұлттық біліктілік тестілеуінен өту нәтижелері туралы сертификат;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
10) ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
11) портфолио;
12) түйіндеме.