Көркем-эстетикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті.
Әдістемелік бірлестік педагогтарының өз бетінше білім алуы, сабақтарды өткізу мәселелері қаралды.
Педагогтардың баяндамалары тыңдалды: А.И. Тургунова «Жеке тұлғаны тәрбиелеудің негізгі бағыттарын «Шығармашылыққа шақыру» үйірмесінің жұмысы арқылы іске асыру» тақырыбында баяндама жасады, одан әрі Л.В. Сафинаға сөз берді, ол бізді «Қосымша білім беруде жеке тұлғаны дамытудың әмбебап құралы ретінде хореографиямен айналысу» тақырыбындағы баяндамамен таныстырды, Р.К.Жубикенованың «Түсі мен эмоциясы: Түстер біздің көңіл-күйімізге және өнер туындыларын қабылдауымызға қалай әсер етеді. Түрлі түсті палитраларды қолданатын белгілі суретшілердің жұмыстарының үлгілері» тақырыбында баяндама жасады.
Педагогтар үшін «Сенің әріптесің» және «Біздің әдістемелік бірлестік» тренингтері өткізілді.
Кездесу соңында А.И. Тургунова мен Е.Н. Бекжанова тыныс алу және актерлік шеберлікке арналған тренинг өткізді.
Осылайша, әдістемелік бірлестіктің отырысы барысында педагогтар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен алмасып, тәрбиеленушілермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерімен бөлісті.
Көркемдік-эстетикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің отырысы педагогтарға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.



№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Көркем-эстетиткалық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары | DOCX |