Салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2025 жылғы 18 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «Балалар аула клубы» КММ Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қостанай қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен бірлесе отырып, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған Қостанай қаласының аула клубтары арасында жеңіл атлетикадан «Жүгіруші күні» жарысын өткізді.
ҚР ІІМ Қостанай академиясының стадионында ерекше атмосфера орнады. Қатысушылар жанкүйерлердің қолдауына бөленіп, жоғары көңіл-күйде өнер көрсетті. Бұл жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады және әр жастағы аула клубтарының тәрбиеленушілерін біріктіреді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Жарыстар 30, 60, 100, 200 және 400 метр қашықтық бойынша бес жас санаты бойынша өтті.
Жарыс жеңімпаздары:
30 метр қашықтықта – ұлдар арасында Абдыбек Карим, қыздар арасында – Алиева Амилия;
60 метр – Абдыбек Аким және Мұхтар Алтынай;
100 метр – Нұрланұлы Нұртай және Караказиева Самира;
200 метр – Лукашевич Александр және Митянина Ангелина;
400 метр – Бесхалов Талғат және Кобзева Арина.
Барлық жеңімпаздар Қостанай қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және грамоталарымен, сондай-ақ «Динамо» спорт қоғамының тәтті сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы үлкен қолдау көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!