Қазақстан Республикасы күніне арналған, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де 2022 жылдың 20 қазанында спорттық іс-шара өткізілді. Қостанай қаласы балалар аула клубтары арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты іс-шараға балалар қатынасты. Спорттық іс-шараның басталар кезінде барлық топ сапқа тұрғызылды. Бағдарлама жеткілікті тығыз ауқымда болды. Жарысқа қатынасушы топтарға күрделі сайыстар жүгіру арқылы,доппен,құрсау,секіртпемен, яғни әр қатынасушы өз спорттық мүмкіндіктерін көрсете алу үшін тапсырмалар берілді.
Жастық және денсаулық,спорттың тікелей даму –нығаюына жарыстың қосар үлесі өте зор. Барлық топ мадақтау қағазымен марапатталып,көтеріңкі көңіл-күй және жағымды әсерлерімен тарқасты.