Республикалық «Үздік аула клубы» байқауында біздің Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ «Үздік мәдени-демалыс клубы» номинациясы бойынша БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді!!!
Байқауды Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан форматта өткізді. Оның мақсаты – педагогикалық және басқарудың озық тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, педагогтар мен менеджерлердің кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру, аула клубтарының бос уақытын дамыту, белсенді демалысты кеңінен насихаттау және балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тарту.
Байқауға балалар аула клубының көңіл-күйін, атмосферасын, рухын жеткізетін бейнероликті және жұмысымызды көрсететін слайд-презентацияны ұсындық.
Біз өз қызметімізге берілген жоғары бағаны мақтан тұтамыз, осы жеңістен шабыттанып, жаңа жетістіктерге дайынбыз!