2021 жылғы 1 тамыздан бастап Қостанай қаласының қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды және оқушыларды қабылдау басталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №219 бұйрығымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде болашақ тәрбиеленушілерді қабылдау жүзеге асырылады.
Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет – ата-аналардан өтініш; баланың жеке басын куәландыратын құжат; №035-2/У нысанындағы медициналық анықтама.
Қабылдау уақыты – дүйсенбі мен жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс.
Құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде