2025 жылғы балалар аула клубтарының командалары арасында шағын футболдан жарыс.
2025 жылғы 9-10 шілдеде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де мини-футболдан жарыс өтті.
Іс-шара «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесіп жазғы демалыс кезінде балалардың белсенді және мазмұнды демалуына жағдай жасау, спорттық іс-шараларға қатысуға ынталандыруды арттыру және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Қостанай облысының футбол және футзалдан аға жаттықтырушысы Дмитрий Александрович Лакамовтың басшылығымен турнирге қаланың балалар аула клубтарының 100-ден астам тәрбиеленушілерін біріктірген 12 команда қатысты.
Бірінші күні іріктеу ойындары өтіп, олардың қорытындысы бойынша финалға шыққандар анықталды. Ойындар қызу күресте, жоғары деңгейдегі спорттық дайындықпен және жарқын сәттермен өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша орындар былайша бөлінді:
Жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.