2023 жылдың 17 қарашасында «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында балалар аула клубының тәрбиеленушілері арасында асық ату бойынша ойындар өткізілді. Оған 30 тәрбиеленуші қатысты. Асық ату – қазақтың кең тараған ұлттық ойыны, оның мағынасы бір немесе бірнеше асықты белгілі бір қашықтықтан асықпен қатардан түсіру.
Барлық ойындар өте қызықты өтті. Финалда орындар келесідей бөлінді: үшінші орын «Жастар» балалар аула клубына, екінші орын «Алау» клубына, бірінші орын «Бригантина» балалар аула клубына бұйырды.